Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті

Кездесудің бірінші сеті тай-брейкпен аяқталды: есеп 6:6 болғанда Галина Воскобоева Александра Пановамен бірге «қосымша» геймді жеңді - 7:3. Ойынның екінші бөлігінде де күштер тең болды, дегенмен, Мона Бартель мен Ализе Корненің (Германия/Франция) жолы болды. Есеп 4:6.

Үшінші сетте Воскобоева мен Панова қарсыластарымен біраз бақ таластырды, нәтижесінде ойынды 7:5 есебімен аяқтады.

Келесі айналымда Галина мен Александра румындық жұп - Ирина Кармелия Бегу мен Моника Никулеспен ойнайды.