"Восток" футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтайды


Өскемендіктердің жаңа маусымға дайындық кезінде шет елде өткізген алғашқы бұл жиыны 5 қаңтарда басталған болатын. Түркияға Алматы-Ыстамбұл-Анталия бағыты бойынша аттанған олардың сапында байқауда жүргендерден Ренат Абдулин, Игорь Авдеев, Максим Забелин, Евгений Лунев, Рафаэль Оразбахтин, Сергея Ларин, Дмитрий Мамонов сияқты ойыншылар енді. Вахид Масудов тізгінін ұстаған «востоктықтар» 18 қаңтарда Украинаның «Заре» (Луганск) клубымен 2 кездесу өткізді. Ойындар 0:2 және 0:0 есебімен аяқталды. 15 қаңтарда Иранның «Шахрдари» (Табриз) командасымен (1:1) тең түсті. Ал 11 қаңтардағы алғашқы кездесуде Премьер-лигадағы қарағандылық әріптестеріне («Шахтер») 2:3 есебімен есе жіберді.