Экспедиция құрамына ғалымдар, карантиндік және зооноздық инфекциялар жөніндегі Қазақ ғылыми орталығының, ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ, Ақтөбе және Қызылорда облыстық обаға қарсы күрес станцияларының өкілдері қамтылды.
Дәл осындай жағдай мен осыншама аумақтағы биологиялық сынақтардың залал-зардаптары мен қалдығын жою жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде бұрын-соңды мұндай шаралар жүзеге асырылып көрмепті. Қазақстандық ғалымдар болашақта техногендік апаттар мен зілзалалар кезінде қолдануға болатын жаңаша жою тәсілдерін жасап шығаруы тиіс.
Возрождение аралында әскерилер 1992-жылға дейін аса қауіпті инфекцияларды тексеруге бағытталған зерттеулер жүргізгені белгілі.