В.Путин Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне ЕЭО туралы айтты


«Ашықтық және ДСҰ нормаларына толықтай сәйкес Ресей, Қазақстан, Белорусь және мүшелігіне енген Армения Республикасы бірігіп, Еуразиялық экономикалық одақты құрайды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, одаққа мүше елдер арасында ортақ нарық болады», - деді РФ Президенті. 

Сонымен қатар, ол ЕЭО-ға мүше мемлекеттер еркін сауда аймағына қатысты Вьетнаммен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. 
«Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне Интеграция үдерістерінің жүруіне байланысты, Евразияда біздің мемлекеттеріміздің игілігі үшін тұрақты даму болып, халықтың әл-ауқаты артады», - деді ол.