В.Путин Б.Немцовтың өліміне қатысты тергеуді тікелей өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді

деді РФ Президенті Владимир Путин. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Вести.ру». 

В.Путин РФ Тергеу комитеті, ІІД, Федералды Қауіпсіздік қызметіне арнайы тергеу тобын құруды бұйырып, оны тікелей өз қадағалауына алатынын айтқан.

Саясаткерді Үлкен Мәскеу көпірінде атып кеткен. Алдын ала белгілі мәлімет бойынша, оған қарсы бетте келе жатқан ақ түсті көліктен оқ жаудырған. Б.Немцовтың қасында 1991 жылы Украинада туған қыз болған.
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр, қалада қылмыскерлерді ұстау жоспары жарияланған, деп хабарлады «Россия 24».

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мәскеу қаласында белгілі Ресей саясаткері Борис Немцовты атып кеткен, оған 7-8 рет оқ атқан.


РФ ІІМ хабарлауынша, оқиға куәгерлері бар.

Б.Немцов 1990 жылдары РФ Премьер-министрінің бірінші орынбасары, түрлі лауазымды қызметтер атқарған.