В.Путин Каспий теңізінде төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету қызметтерінің кең ауқымды оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды


«Біздің жұмысымыздың тағы бір маңызды қыры - Каспий теңізіндегі төтенше жағдайларды алдын ала ескерту және жою. Бұл бағытта сәйкесінше келісімге қол қоямыз. Алғашқы қадам ретінде 2016 жылы төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету қызметтердің кең ауқымды бесжақты оқу-жаттығуын ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл іс жүзінде хабарландыру процедурасын әзірлеуге, құтқару бөлімшелерін үйлестіруге мүмкіндік береді», - деді В.Путин.

Сонымен қатар, ол 2003 жылы қабылданған теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясын нақтылай түсу мақсатында Каспий теңізіндегі әрекеттердің келісімшарт-құқықтық базасын жетілдіру, жалпы нормалар мен стандарттарды одан әрі дайындау бойынша жұмыстарды жалғастыру, мұнайдың төгілуі кезінде шұғыл әрекет ету бойынша келісімшартты ратификациялау, Каспийді ластанудан қорғау, теңіздің биологилық алуан түрлілігін сақтау  қажеттігіне назар аударды.