«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 3 турдың қорытындысы бойынша астаналық велошабандоз 21-інші орында келе жатыр

Оның қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде Фредерик Кесякоофф 56-дан 21-інші орынға көтерілді. Ал бельгиялық Кевин Зельдреерс 54-тен 22-інші, ресейлік Егор Силин 63-тен 38-інші, қазақстандық Андрей Кашечкин 55-тен 21-інші, Александр Дьяченко 137-ден 52-інші, Андрей Зейц 164-тен 92-інші, итальяндық Паоло Тиралонго 172-ден 137-ге орынға көтеріліп, қазақстандық Асан Базаев 58-ден 121-інші орынға төмендеді.

Бүгін спортшылар 160,6 шақырымдық 4-інші кезеңді өткізеді. 18 тамызда биыл тұңғыш рет Пампионда 16,5 шақырымдық сыннан басталған бұл бәсеке 9 қыркүйек күні Мадридте мәреге жетеді.