«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 6 кезеңінде астаналық велошабандоз Кевин Зельдреерс мәре сызығын 24-ші болып кесіп өтті

19-ыншы орынға табан тіреді. Ал Андрей Кашечкин 35-інші, Андрей Зейц 42-інші, Фредерик Кесякоофф 51-інші, Александр Дьяченко 55-інші, Паоло Тиралонго 71-інші, Егор Силин 91-інші, Асан Базаев 98-інші орында келе жатыр.

Бүгін олар 164,2 шақырымдық 7-інші кезеңін өткізеді. Алда әлі 14 кезең бар. Астаналықтар сапынан бұл жарыста тек Асан Базаев қана кезеңдік жарыстардың бірінде үздік үштіктің қатарынан көріне алған еді. Бәсеке әлі бел ортасына жетпегендіктен, қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спортшыларына жарыстың соңына дейін өз нәтижесін жақсарту үшін мүмкіндік те, уақыт да жеткілікті.