«Vuelta a Espana» көпкүндігінде астаналық велошабандоздар арасында ең жоғарғы нәтижені Кевин Зельдреерс көрсетуде

Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде «Pro Team Astana» командасының ойыншыларынан ең жоғарғы нәтиже көрсеткен бельгиялық Кевин Зельдреерс 54-інші орында келе жатыр. Оның өзге командаластарынан қазақстандық Андрей Кашечкин 55-інші, Асан Базаев 58-інші, Александр Дьяченко 137-інші, Андрей Зейц 164-інші, швециялық Фредерик Кесякофф 56-ыншы, ресейлік Егор Силин 63-інші, италияндық Паоло Тиралонго 172-інші сатыда тұр.

Бүгін спортшылар 155,3 шақырымдық үшінші кезеңді өткізуде. Кеше екінші турда мәре сызығын К.Зельреерс 21-інші, А.Кашечкин 26-ыншы, Ф. Кесякоофф 27-інші, А. Зейц 44-інші, А. Базаев 57-інші, А. Дьяченко 61-інші, Е. Силвин 146-ыншы, П.Тиралонго 175-ініш боп кесіп өткен болатын.