"Вымпелком" K-mobile байланыс операторы акцияларының бір бөлігін сату жайында келіссөздер жүргізуде

В.Голдиннің айтуынша, компания басшылығы 2005-жылдың 7-ақпанында хабарлама тарату арқылы "КаР-Тел" ЖШС акцияларының миноритар үлесін сатуға деген ықыласын тағы бір дәлелдеді. Вице-президент қай елдің қандай компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтудан бас тартқанымен, "Вымпелком" "КаР-Тел" ЖШС акцияларының бақылау қоржынын сақтап қалу үшін 50% минус бір акцияны сатуға ниеті бар деген ақпаратты растады. "Келіссөздердің нақты аяқталу мерзімі белгісіз",- деді В.Голдин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Вымпелком" ААҚ-ның бас директоры Александр Изосимовтың айтуына қарағанда, компания Қазақстандағы бір әріптесімен акцияларды 175 млн. долларға сату туралы келіссөздер жүрізуде. Бұл кәсіпорынды сатып алу құнының 50 процентіне тең.
В.Голдиннің хабарлауынша, 2005-жылғы 31-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда K-mobile және Exess абоненттерінің саны "Вымпелком" ААҚ кәсіпорынды сатып алған 2004-жылғы қыркүйек айындағы 645 мыңмен салыстырғанда 995 мың адамды құрады. Сөйтіп қазір компания еліміздегі ұялы байланыс рыногында 31 процент үлес иемденуде.