Мамырда New York Times басылымы мәскеулік допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы Григорий Родченковтың сұхбатын жариялаған болатын. Онда ол Ресейдің 2014 жылғы Олимпиада кезіндегі «допингтік бағдарламасы» туралы жайып салды. Оның айтуынша, қысқы ойындарда медаль алған спортшылардың кемінде 15-і тыйым салынған дәрілерді қолданған көрінеді.
Осыдан соң WADA сарапшылық комиссиясын құрып, жұмысқа кірісті. Оны тәуелсіз сарапшы Ричард Макларен басқарып, тексеру барысына WADA менеджері, Интерполдың бұрынғы агенті Мэттью Хольц жетекшілік етті.+
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік спортшылардан алынған 52 допинг-сынаманың 49-ынан мельдоний табылып отыр, делінеді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі таратқан хабарламада. Кейін аталмыш ұйым ресейлік спортшылар допинг-сынама тапсырудан жаппай бас тартуда деп мәлім еткен еді.