WADA Рио Ойындарына қатысуға Ресейге рұқсат берген ХОК шешіміне наразы

Агенттік басшысы Крейг Ридидің мәлімдеуінше, WADA-ға бағынышты Ричард Маклареннің баяндамасы Ресейде үкімет бақылауындағы допинг бағдарламасы болғанын дәлелдеп берді. Сол себепті агенттік ХОК-тен Ресей құрамасын Риодағы Ойындардан шеттетуін сұрады. Бірақ Комитеттің шешімі қатаң болмады.

Енді ресейлік спортшылардың тағдырын жекелеген спорттар бойынша халықаралық федерациялар шешеді. ВАДА-ның пікірінше, мұндай қағида «таза спортшыларды» алалап, түрлі келіспеушіліктер туғызады, деп хабарлады Рейтер.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада жолдамаларына қазірдің өзінде ресейлік теннисшілер, суға секірушіер және синхронды жүзу спортшылары ие болды. Олимпиадаға триатлон құрамасы да қатысуы мүмкін.