WBA Головкинге жаңа қарсылас міндеттеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) GGG-ді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді.

Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.