WBC: Бекман Сойлыбаев алғаш рет үздік 40 боксшының қатарына енді


Маусым айындағы жаңартылған рейтингте отандасымыз екінші жартылай жеңіл салмақта 40-орынға жайғасқан. Бұл салмақта жапон боксшысы Такаши Миура көш бастап тұр, ал WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы – мексикалық Франсиско Варгас.

Естеріңізге салып өтсек, Сойлыбаев Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде грузин Николоз Кокашвилиді екінші раундта тізе бүктіріп, EPBC WBC тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алған болатын. Осы кезге дейін Бекман тоғыз жекпе-жекте жеңіске жетіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады.