WBC Головкин – «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазына арнайы белбеу береді


Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жеңімпазына қосымша чемпиондық белбеу береді, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бүгін біз Оахака штатындағы Сапотек мәдениетінің ұлы суретшілері жасаған шедевр, Ягуар жауынгерінің белбеуі ретінде белгілі Сапотек белдеуін таныстырамыз. Осы арнайы жүлде 17 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтетін «Канело» – GGG жекпе-жегінде бәске тігіледі, – деп жазды WBC Твиттер желісінде.

Айта кетейік, аталған кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Loading...