WBC Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таныды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ең үздік боксшы деп қазақстандық Геннадий Голвкин танылды (37-0-1, 33 КО). Өткен жылы ол екі жекпе-жек өткізді. Наурыз айында төрешілердің біріңғай шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (33-2, 29 КО) ұтса, қыркүйек айында мексикалық боксшысы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) тең түсті. Осылайша ол орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

«WBC бойынша чемпион екі рет өзінің белбеулерін сақтап қалды. P4P рейтингінде бірінші орында», - деп жазды ұйымдастырушылар твиттер парақшасында.


Сонымен қатар Головкин Лас-вегаста 16 қыркүйек күні Альвареспен болған жекпе-жегі үшін «Жылдың үздік жекпе-жегі» атты номинацияға ілікті.

Головкин болса WBC-ге 2017 жылғы үздік боксшы ретінде танылғаны үшін алғысын білдірген.