Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы 15 шілдеде "Стоп-алаяқ" жедел профилактикалық іс-шара барысында Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады.
"Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын - "насыбай" және "түтінсіз темекі өнімін" — белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді".Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров