WhatsApp басшысы Telegram-нан бас тартуға шақырды

Бұл туралы Кэткарт өзінің Twitter парақшасында жазды. Сонымен қатар ол Telegram-ды пайдаланушылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейінің жоқтығына айыптады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Telegram басынан аяғына дейін шифрланбайды және топтар үшін E2EE (соңғы шифрлау) ұсынбайды», – деді ол.

Сондай-ақ ол Telegram-да жабық чаттарды оқуға мүмкіндік беретін осалдық анықталғаны туралы Wired мақаласын мысал ретінде жазды.