WhatsApp: бірнеше жаңа функция пайда болады


Phone Radar хабарлауынша, аудиохабарламаны чат үшін ашылып тұрған терезеден (интерфейс) тікелей жіберуге болады. Сондай-ақ сіз жауап бере алмай немесе естімей қалған қоңырау туралы ескертудің терезесіне сол сізбен хабарласып, сөйлесе алмаған адамға қоңырау шалу пернесі қосылады. Бұл функция қосымшаның толық нұсқасында да, тез жауап беру режимінде де болады.  Мұнымен қоса архивтелген ZIP-файлдармен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Бірақ, қосымшаның осыған байланысты жаңарып, бұл функцияларды қашаннан бастап пайдалануға болатынын WhatsApp мамандары айтпай отыр.