Бұл туралы Caravan.kz медиа портаты Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Сотта оның кінәсі толық дәлелденді. Дәлел ретінде жәбірленуші мен куәгерлердің жауабы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сондай-ақ сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысы ұсынылған. Сот отырысында ауыл тұрғыны кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот әйелді «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 484 400 теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл мөлшерін анықтау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлі адамның жеке басын және жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, заңда белгіленген тәртіппен соңғы соманы қысқартқан.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.