WhatsApp ұмытшақ адамдар үшін пайдалы функцияны іске қосады 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp мессенджерінің әзірлеушілері жаңа функция дайындап жатыр. Жаңа қосымша енгізілгеннен кейін пайдаланушылар телефон контактілеріндегі адамдардың туған күндерін ұмытпайтын болады, деп хабарлайды WABetaInfo.

Бұл - алдағы барлық мереке көрсетіліп тұратын арнайы бөлім. Пайдаланушыға ештеңе толтырудың қажеті болмайды: жүйе телефонның мекенжай кітапшасында сақталған туған күн туралы мәліметтерді автоматты түрде пайдаланады.

WhatsApp бұл туралы тиісті хабарлама жібереді. Егер телефон контактілерінде адамның туған күні көрсетілмесе, қолданбада да ескерту пайда болмайды, - делінген хабарламада.

Функцияны тікелей өшіру мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда нақты бір адамның туған күнін мекенжай кітапшасынан өшіріп тастау жеткілікті, содан кейін оның мерекесі туралы хабарламалар келмейтін болады.

Бұл жаңалық әлі де әзірлену үстінде. Функция WhatsApp-тың алдағы жаңартуларының бірінде кезең-кезеңімен енгізіледі.