WhatsApp желісінде қолданушыларды қорғайтын жаңа функция пайда болды

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі WABetaInfoбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа функция пайдаланушының құпиялылығын жақсартуға және жеке суреттерді рұқсатсыз бөлісіп, таратуға байланысты әрекеттерді азайтуға арналған.

Дереккөздің айтуынша, жаңа функция бірінші Android қосымшасы үшін сынақтан өткен. Енді бұл мүмкіндік iOS-қа арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында 24.10.10.70 нөмірімен іске қосылды. Ол TestFlight қызметінде қолжетімді.

Әзірлеушілер жаңа функция қолданушылардың жеке мәліметтерін бақылауды күшейтіп, профильдегі фотосуреттерді теріс пайдалану ықтималдығын азайтатынын атап өтті.

"Бұл мүмкіндік кескіндерді рұқсатсыз пайдалану қаупін толығымен жоймаса да, құпиялылықты жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Профиль фотосуреттерінің скриншоттарын алу мүмкіндігін өшіру арқылы WhatsApp болашақта фотосуреттерді иесінің рұқсатынсыз жөнсіз пайдалану немесе бөлісу қаупін азайтады", - делінген мақалада.

Профиль фотосуреттерінің скриншоттарын блоктау мүмкіндігі әзірленіп жатыр.