Бұған WikiLeaks жариялаған құжаттар дәлел, деп жазады "ВВС" агенттігі.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі 2006-2012 жылдар кезеңіндегі француз президенттері туралы деректер жинаған, делінген WikiLeaks хабарламасында.
1995 - 2007 жылдары елді басқарған Жак Ширак пен 2007-2012 жылдары президент болған Николя Саркози де аңдуға іліккен.
АҚШ Үкіметі аталған жағдайға байланысты түсінік беруден бас тартты.