Оның айтуынша, Астанада өтіп жатқан WSB сериясының екікүндік финалы барысында Халықаралық бокс қауымдастығының бірқатар отырыстары өтті. «Осындайда біз уақытты тиімді пайдаланып, қажетті ұйымдастырушылық мәселелерді талқылап отырамыз. Мәселен, WSB сериясына Кубаны қабылдау туралы шешім қабылданды», - деп атап көрсетті Чинг-Куо Ву.
Айта кетейік, бүгінде WSB сериясының үшінші кезеңі өтуде. Енді, келесі төртінші кезеңде біз кубалық боксшылардың да өнерін тамашалайтын боламыз. Олар «Астана арландарымен» кездесуі бек мүмкін.