Екінші орындағы ресейлік Мария Шарапованың табысы 2 млн. 488 мың 371 долларды құрауда. Бұл рейтингте қазақстандық Ярослава Шведова (195 428$) - 42-ші, Галина Воскобоева (119 667 $) - 72-ші, Ксения Первак (106 965$) 82-ші орында тұр. Виктория мен Мария өз жүлде қорын тек жекелей сында жинаса, қазақстандықтар оны жекелей, жұптық және аралас сындағы жарыстардан құрастырып отыр. Мәселен Ярослава спорттық табысының 131 619 долларын жекелей, 46 440 долларын жұптық, 17 369 долларын аралас өнер көрсету нәтижесінде жинаған. Галина болса 60 667 долларды жекелей, 50 800 долларды жұптық, Ксения 97 167 долларды жекелей, 9 798 долларды жұптық жарыстағы көрсеткіші бойынша иеленген.