WTI мұнайының бағасы 2009 жылғы минимумды жаңартты

Нью-Йорк биржасында оның баррелі 42 доллардан сатылды. Осылайша батыс техастық ашық түсті қара алтынның құны маусым айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, 31%-ға құлдыраған. Әлемдік мұнай нарығындағы ахуалға доллардың нығаюы мен Қытай экономикасының әлсіреуі кері әсер етіп отыр. Сонымен қатар, бұған макроэкономикалық жағдайларға қатысты алаңдаушылық ықпал етуде деп түсіндірді сарапшылар.