XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар әйелдер арасында - бірінші, ерлер арасында үшінші орынды еншіледі

Шілденің 6-сында жалауы көтерілген дәстүрлі бұл жарысқа биыл ерлер арасында Иран, Қазақстан, Ресей және Тунистен - 5, ал әйелдер арасында Қазақстан, Қытай мен Украинадан 4 команда сайысқа түсті.

Тартысты өткен турнирде әйелдер арасында ақтық сында Қазақстан-1 ұлттық құрамасы мен Қытайдың «Джиангсу» командасы кездесіп, ойын 3:1 (26:24, 25:20, 23:25, 25:18) есебімен аяқталды. Ерлер арасында Ресейдің «Локомотив-Изумруд» клубын 0:3 есебімен (19:25, 21:25, 16:25) жеңген Иран ұлттық құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Ал Қазақстан-1 ұлттық құрамасы - үшінші, Тунис ұлттық құрамасы - төртінші, Қазақстан-2 ұлттық құрамасы бесінші орынға табан тіреді.

Жарыс қорытындысында Елена Эзаумен Юрий Стулов (Қазақстан-1) - үздік либеро, Коринна Ишимцева (Қазақстан-1) мен Маруф Мирсаед (Иран) - үздік байланыстырушы, Ольга Наседкина (Қазақстан-1) пен Нади Амреза (Иран) - үздік тосқауылшы, Анна Довгополюк (Украина) пен Назари Афшар (Иран) - үздік шабуылшы, Ли Хуи (Китай) мен Марат Имангалиев (Қазақстан-1) үздік доп беруші, Жай Тингли (Китай) мен Кааби Хичем (Тунис) - ең нәтижелі ойыншы, Ольга Дробышевская (Қазақстан-1) мен Вячеслав Тарасов (Россия) ең бағалы ойыншы атанды.