XXI -ғасырда Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағындағы дамуды алға сүйрейтін локомотивке айналады - Қырғызстан президенті

Ол "Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясы" мемлекеттік бағдарламасын жоғары бағалады. "Бұл бірегей бағдарлама",- деді Қырғызстан президенті. "Өз басым Қазақстан алға қойған стратегиялық мақсаттарына 2020-жылдың өзінде қол жеткізеді дегенге сенемін",- деді А.Ақаев. Оның пікірінше, "15-16 жылда Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылады".

Сондай-ақ, Қырғызстан президенті еліміздің жаңа Елордасындағы құрылыстар қарқыны мен қаланың көркіне таңданыс білдірді. 10-15 жылда Астана "Орталық Азиядағы ең таңдаулы Елордасына, Еуразияның пальмирасына айналады",- дейді Ақаев.
Сөз соңында Қырғызстан президенті Қазақстан халқын 2004 жаңа жылмен құттықтап, "бейбітшілік пен табыс, жақсылық тіледі" .