XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары бір «алтын», екі «қола» жеңіп алды


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. 31 қаңтардағы нәтижелер бойынша, Дарья Рыбакова фристайлдан - алтын, Денис Моисеев - қола жүлдеге ие болды. 10 шақырымға шаңғы жарысынан - Геннадий Матвиенкоға сондай-ақ қола медаль бұйырды.

Универсиадаға әлемнің 57 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Жарыс спорттың 12 түрінен өтіп жатыр. Қазақстан құрамасына енген 42 спортшы бұл додада - мәнерлеп сырғанау, сноуборд, шаңғы жарысы, фристайл және хоккейден (ерлер командасы) бақ сынауда.