"Ядролық қарудан бас тарту елімізге әлдеқайда тиімдірек қауіпсіздікті қамтамасыз етті", - делінген бүгін форумның ашылуында мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев оқып берген құжатта.
"Ядролық қарудан бас тартудың арқасында Қазақстан ел экономикасына ауқымды инвестициялар тартуға мүмкіндік алды", - деді өз кезегінде симпозиумда сөз алған ҚР СІМ Марат Тәжин.
Оның пікірінше, "кейінгі жылдары халықаралық лаңкестікпен күрес аясында ядролық қаруға қатысты проблемалар кейін қарай ысырылды". "Бірақ қазір лаңкестік ұйымдардың осындай қаруды иемденуге ұмтылуына байланысты бұл қатер күшейе түсті", - деді ол.