"Ядролық қаруды таратпау туралы келісім асимметриялық сипатқа ие. Тек ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге санкция қояды да, ядролық клуб мүшелерін ядролық арсеналдарын азайтуға, қарусыздануға құлшындырмайды", - деді Н. Назарбаев.
Оның пайымдауынша, бұл әділетсіз. "Бұл әділетсіздік Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің орындалмауына алып келіп отыр", - деп атап көрсеті Елбасы.
Қазақстан президенті атап көрсеткендей, таратпау режиміндегі жаһандық қауіпсіздік жүйесі мүгедектікке жақын жағдайды бастан кешіріп отыр.