Президенттің пікірінше, мұндай теңсіздік "әлемнің кейбір елдерінде деструктивтік көңіл-күйге әкеліп, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартының әділетсіздігі туралы пайым тудыруда". "Ең жаманы, бұл халықты жаппай қырып-жоятын қаруға ие болғысы келетін мемлекеттерге жақсы сылтау болып тұр",- деді Н.Назарбаев.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартының тиімсіздігін, президенттің пікірінше, "халықаралық саясатта аттың төбеліндей ғана элиталық санаулы елдің үстемдік құруына байланысты туындаған дағдарыс пен дүниежүзіндегі қарусыздану процессінде ілгерілеушіліктің байқалмауы да" дәлелдеп отыр. "Ядролық қаруға ие санаулы ел келісімді ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты ғана айрықша міндетемелер жүктейтін, санкциялармен қамтамасыз ететін асимметриялық келісім деп қабылдайтын болды",- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, ядролық державалар болса " ядролық қару жасау, оның зерттеу мен жаңалауға орасан мол қаржы жұмсай отырып, сонымен бір уақытта қарусыздану төңірегінде келісөздер жүргізуден аспайтын мардымсыз ғана міндеттемені ғана жүктеп алуда".
"Қуатты ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдің жетекшісі ретінде мен қару таратпау пробелмасына қатысты көзқарастарды әлемдік ауқымда ыждағаттылықпен қайта қарау керек деп мәлімдеуге моральдық құқығым бар деп санаймын",- деді Қазақстан президенті. Оның айтуынша, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарты жұмыс істеген бірнеше он жыл оның артықшылығы мен кемшіліктерін бағалауға және уақыт талабына сай келетін түзетулер енгізуге жеткілікті мерзім. "Бұл іске қатысушы мемлекеттер саны артқан сайын бұл тіптен жақсы болмақ",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге өз сөзінде Н.Назарбаев Қазақстанның меймандос көршісі Иран "атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулермен ғана шұғылданып жатқанына әлемді сендіре алады" дегенге үміт білдірді. "Бұны біздің өңір халықтары мен әлем халқы түгел күтіп отыр дегенге сенімім мол",- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті