Якутия сүңгуірлері Лена өзенінің қойнауына жаңажылдық шырша орнатты

Якутск қаласы ауданындағы Лена өзенінің 3,5 м тереңдігіне жаңажылдық шырша орнатты. Бұл туралы «Құтқару қызметінің» баспасөз қызметі хабарлады.

«Жарты метр мұз астындағы су температурасы 2 градусты құрайтын 3,5 метр тереңдікке әдемі безендірілген жаңажылдық шырша қойылды», - дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, көшеде ауа температурасы -45С құрайды.


Су астына шырша қоюға кәсіби сүңгуірлер қатысты, ал шыршаны орнату сәтін «Саха» ұлттық телехабартарату компаниясының кинооператоры таспаға түсірді.