"Янукович Кеден одағы бойынша келісімге қол қоятын болса, тағы да наразылық көрсетеміз!"


"Украинаны Ресейге сатпақ әрекеттерінен ештеңе шықпайды, Виктор Янукович ондай бір келісімге қол қоюға әрекет етсе, Украинада наразылықтың жаңа толқыны басталады", деді ол баспасөз мәслихатында.

Фракция лидері " ешкім де Януковичке елді сатуға жол бермейді", деп атап өтті.

А.Яценюк атап өткендей, осы себепті оппозиция президенттен, үкіметтен, Ұлттық банктен іс-қимылдардың нақты жоспарын, парламентке 2014 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасының берілуін талап етуде. Яғни, ұлттық ақшалай бірлік қалайша тұрақтандырылады, бюджет -қаржы жүйесін құлатпаудың жолы қандай, сол туралы айқын жоспардың жариялануын талап етуде.