«Бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Янукович пен бірқатар лауазымды тұлғаларға іздеу жарияланды», - деп жазды А.Аваков дүйсенбі күні өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, В.Янукович президент әкімшілігі жетекшісі Андрей Клюевпен бірге «белгісіз бағытқа қарай аттанып кеткен».
В.Янукович 23-ақпанда Қырымға барған. «Сол жердегі жеке меншік шипажайлардың біріне тоқтаған. Парламенттің А.В.Турчиновты Украина президенті міндетін атқарушы қызметіне тағайындағандығын және жаңадан сайланған ІІМ мен ҚК басшыларының Қырымға келе жатқанын естіген Янукович Бельбек әуежайына тартқан», - дейді А.Аваков.
«Сағат 23:50-де Янукович Бельбек әуежайына жетпей, Балаклава аумағындағы жеке меншік резиденциясына тоқтаған. Сол жерде президент күзеті қызметкерлерімен қоштасып, мемлекеттік күзеттен бас тартатындығын ресми түрде мәлімдепті», - дейді ол.
Оның айтуынша, экс-президенттің қай жаққа кеткені белгісіз.