Финалдық ойындардың алғашқы кездесуінде нидерландық спортшы Я.Шведованы 6:4 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:2 есебімен қазақстандық спортшы басым түсті. Ал шешуші - үшінші кезеңде жеңіс 20 жастағы Кики Бертенске қарай ойысты. Есеп - 6:1. Бұл екі спортшының арасындағы алғашқы кездесу болатын.
Естеріңізге сала кетейік, ITF сериясы бойынша әйелдер арсындағы жарыс Халықаралық теннис қауымдастығының жетекшілігімен өтеді. ITF-тің ерлер және әйелдер арасындағы Satellite tournament и Futures Tournaments турнирлерінен тұратын жарыстары кәсіпқой теннистің баспалдағы болып табылады және осы бәсекелердің нәтижелері ATP және WTA рейтингтерінде ескеріліп, теннисшілердің сыйақысы бұдан да үлкен жарыстарға қатысуына жол ашады.