Ярослава Шведова үздік теннисшілердің сапында Түркияда өтіп жатқан әлемдік чемпионаттың қорытынды сынына қатысуда

Онда жерлесіміз Ярослава Шведова америкалық Вания Кингпен бірге жұптық сында өнер көрсететін болады.

Кеше жекелей сындағы матчтар өтті. Жұптық кездесулер 29 қазан күні басталады.

Ағымдағы ойын маусымында Шведова мен Кинг жұбы Цинциннати (жалпы сыйақы қоры - 2 млн. АҚШ доллары), Мәскеудегі Кремль Кубогі ( 720 мың доллар) сынды ірі WTA турнирлерін жеңіп, «Улкен дулыға» сериясындағы US OPEN ($11 млн), Рим ($2 млн.) және Осака ($220 мың) жарыстарының ақтық сынына дейін жеткен болатын.

Қазіргі уақытта олар жұптар арасында WTA рейтингісінің 6 сатысында тұр. Олар өз мансаптарында Wimbledon мен US OPEN турнирлерінде жеңіске жетулерінің арқасында екі мәрте «Үлкен дулығаға» қол жеткізген теннисшілердің қатарына еніп отыр.

Аталмыш турнирге Хисела Дулко мен Флавиа Пеннетта, Квета Пешке мен Катарина Среботник, Лиза Раймонд пен Лизель Хубер сынды әлемнің ең мықты жұптары қатысуда.

Әлемдік қорытынды турнир жыл сайын маусымдағы ең үздік теннисшілер арасында өткізіледі. Биыл ол Түркия астанасында өткізілуде. WTA-ның қорытынды турнирінің сыйақысы 4,9 миллион долларды құрайды. Былтыр бұл жарыс Дохада өткен еді. Ол кезде Хисела Дулко (Аргентина) және Флавия Пеннета (Италия) дуэті жұптық сында үздік шықты.