Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды

Бұл туралы Vesti.kz. жазады.

Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші айналымға жеткен отандасымыз аталмыш бәсекенің қорытындысы бойынша тізімнің 52-інші сатысына жайғасты.

Ал еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, 91-інші орынды иеленді. Галина Воскобоеваның да жағдайы жақсарды. Спортшы тізімнің 123-інші сатысынан 94-ке көтерілді. Айта кеткен жөн, екі қазақстандық теннисші де «Ролан Гарростың» екінші айналымына өте алмады.

Ксения Первак екі саты төмен түсіп, 114-інші орынға тұрақтады. Ал Сесиль Каратанчева бірден 10 сатыға - 129-ға дейін «құлады».