Ярослова Шведова HP Open турнирінің екінші айналымына өтті

Сейсенбі күні, турнирдегі алғашқы кездесуде Я. Шведова корт қожайыны жапондық Шуко Аоманы 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық теннисші турнирдің жетінші ракеткасы - ОАР мақтанышы Шанель Чиперзбен ойнайды. Өз кезегінде Чиперз кеше ресейлік Алла Кудрявцеваны екі сетте ойсырата ұтқан болатын.

Шведова бұл турнирге түспес бұрын жарыс алдындағы іріктеу ойындарын өткізді. Дүйсенбі күні ол біліктілік кездесулерінің ақтық сынында тайпейлік Шу-Вей Хсиді ұтқан болатын. HP Open халықаралық турнирі - Осака қаласында 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның ақшалай сыйлық қоры - 220 мың АҚШ долларын құрайды.