Ұлттық құраманың бас бапкері Алтай Танабаев онда 16 балуанға үміт артып отыр. Олар - Ғабит Төлепбай, Шоқан Шыңғысов, Әсет Серікбаев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев, Абылай Телтаев, Амандық Бақиев, Саятбек Оқасов (60 кг), Мақсат Даулбаев, Жомарт Иманқұлов (66 кг), Нұрлан Бекжанов, Жігер Закиров (74 кг), Әлихан Жұмаев, Жасұлан Бейсенбиев, Алтай Онғарбайұлы (84 кг), Марид Мұталимов пен Ержан Дүйсенбеков (120 кг). Бұл наурыз айында Ресейдегі Махачқалада өтетін Әлем кубогына дайындықтың бір сатысы болмақ.