Я.Шведова Австралия чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, әлемнің 66-ыншы ракеткасы Я.Шведова енді қытай қызы, дүниежүзілік сатыда 21-інші орында тұрған Пэн Шуаймен кездеседі. П.Шуай - Қытай елінің басты үміті. Өйткені Австралия ашық чемпионатының өткен жылғы жеңімпазы, қытайлық Ли На 2014 жылы спорттық жолын аяқтаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ қазақстандық Зарина Дияс словакиялық Анна Шмидловамен үшінші айналымға шығу үшін таласады.