Я.Шведова мен В.Кинг жұбы Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылып қалды

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ширек финалда олар Елена Данилиду мен Манди Минелла жұбын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда американдық жұп Рэгил Копс-Джонс пен Абигэйл Сперстен басым түскенімен ақтық сында жапондық-қытайлық жұп Кимико Дате-Крумм мен Шуай Жангке үш сетте 5:7, 6:3, 9:11 есебімен есе жіберді.