Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы әнші "Шайдың қыздары" YouTube жобасында айтып берді.
"Өзімнің енем ауылға кеткеннен кейін, келінім: "Таңертең нешеде тұру керек?" дегенде, "Ұйқың қана берсін, тұрмай-ақ қойшы" дедім. Орамал басыңа тақпай-ақ қой, өйткені кіріп-шығып жүресің, Қазбекке, кәсіптеріне көмектесесің дедім.
Шашыңды жаңадан жуған болсаң, ол басылып қалады, қайтадан жуу керек болады, тақпай-ақ қойшы орамал дедім. Бірақ папасынан рұқсат сұрадым, орамал тақпаса бола ма деп. Папасы үндемеді.
Бірақ дастархан басында "енді орамал тақпай-ақ қойсын" десем, папасы жұқа орамалдар жоқ па?" дейді. Сонда орамал таққанын қалап тұр, бірақ меніңше баяғы заман емес, балалар өссін, дамысын деймін, үй шаруасымен байлағым келмейді десем, әпкелерім: "ең болмаса таңертең таңғы асыңды дайындасын, сосын жүре берсін" деп жатыр", - деді әнші.
Десе де оның бұл пікірін продюсер Гүлзира Айдарбекова қолдамады.
"Бастапқы келін болып түскен кезде, орамалмен әдемі көрінеді. Содан кейін, 2-3 балалы-шағалы болғаннан кейін, орамалын тастай ма, соған үйреніп қалғаннан кейін, намыстанып, өзі ыңғайсызданып тарта ма, оны өзі шешеді", - деді ол.