Үйді жылытуға арналған газдың бағасы реттеледі – заң әзірленді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заң аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жылытуға арналған сұйытылған мұнай газына мемлекеттік реттеу шараларын енгізу ұсынылып отыр. Депутат Еділ Жаңбаршиннің айтуынша, бүгінде осы мәселе өзекті болып тұр.

"Жылыту маусымында газдың бағасы бір тоннасына 150-200 мың теңгеден 250-300 мың теңгеге дейін өседі. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылытуға арналған сұйытылған мұнай газының бағасын бекіту өкілеттігін табиғи монополияларды реттеу комитетіне беру ұсынылады", - деді Жаңбыршин мәжілістің жалпы отырысында.