Қырғызстанда үйлену тойы мен жерлеу рәсімдеріне енді артық шығын шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жогорку Кенеш 27 қаңтарда "Дәстүрлер мен рәсімдерді өткізу кезінде шығындарды шектеу туралы" және "Құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Заң жобаларын қоғамдық талқылауға шығарды. Заң жобаларының авторлары депутаттар.
Заң жобасының мақсаты - дәстүрлер мен рәсімдерде артық шығындарды шектеу. Сонымен қатар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарынан ауытқуды болдырмау. Жобада жаңа заң мен Құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылған.
Жаңа заңға сәйкес, отбасылық тойлар мен дәстүрлерді ұйымдстырудағы артық шығындарға қатысты талаптарды бұзған жағдайда:
-жеке тұлғаларға 3000 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады;
-заңды тұлғаларға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қарастырылған.
Жерлеу мен ас беруге байланысты артық шығындар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.
Қазақстанға да бұндай заң керек деп ойлайсыздар ма?