ҚР Үкіметі резервтен шамамен 40 миллиард теңге бөлді. Ол неге жұмсалатыны белгілі болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет мәліметіне сілтеме жасап.
. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.
"Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылып жатыр", - делінген хабарламада.
Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.
"Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 миллиард 987 миллион теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар".
Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі: