Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна"-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Тыйым тек Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жасалады. Бұған картопқа сұраныстың күрт өсуі себеп болған.
«Көршілес елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныстың артуына және биылғы жылы экспорттық бағалардың жоғары болуына байланысты картоп экспорты 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін артты. Бұл сұраныс ішкі нарыққа әсер етті. Соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілердің бағасы 170 теңгеден 270 теңгеге дейін күрт өсті», – делінген хабарламада.
Үкіметтің мәліметінше, 16 қаңтардан бастап экспортқа фитосанитарлық сертификаттар беру толықтай тоқтатылды.
«Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және алыпсатарлық әрекеттерін болдырмауға бағытталған», – деп атап өтті үкімет.
Үкіметтің мәліметінше, қазіргі уақытта қолда бар картоп қоры 2025 жылдың ерте жиналатын өніміне дейін ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті.