"Ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой". Асанәлі Әшімов «хит» болған нөміріне қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Turkystan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті әлеумет, мен жаңа ғана жолдан келдім. Менің көлік нөмірім әлеуметтік желіде шу болып жатыр… Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой.  Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда және көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе», – деп түсіндірді Асанәлі Әшімов Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасы кезінде.