”Ым-жымын шығармай үш шаңырақ қылып ұстап отыр”: Журналист 3 әйелі бар ауқатты адам туралы айтты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мүмкін бұл дұрыс шығар. Таныс ағам бар, сол кісі оразаға керемет дайындалады. Бүгін бір шаруамен звондағам, ауыл жақта жүр екен.

"Ауыз бекітуге дайындалып жатырмын. Бір құлын мен екі қой сойып алдым. Сосын ауылдағы жігіттерге сазанға заказ беріп бір қапшық сазан алдым. Одан кейін ауылдағы келіндерден сары май мен езілген құрт сатып алдым",-деді.

Ағамның айтуынша, оразаға дайындықтың жалпы құны 600 мыңға шығыпты. Бұл кісі жылда осылай дайындалады. Қалада бірнеше бизнесі бар ауқатты адам.

Түріне қарасаң қорқасың. Құдды Қабанбай батыр сияқты, іздәрөви кісі. Жасы алпыстан асқан ағам өте қуатты. Үш әйелді ым-жымын шығармай үш шаңырақ қылып ұстап отыр.

Мәселен, құдалардың тойына бәйбішесімен барады. Коллективтің тойында тоқалымен төрде отырады. Ал енді ең кенже келіншегімен шетелге шығады.

"Ерболтай, есіңде болсын. Ер адам мына дүниенің барлық шапағатын көргені дұрыс. Мысалы мен сендерге таңқаламын. Көтіқуарған зарплатаның соңында ебіл-дебілдерің шыққанша шапқылайсыңдар. Оның орнына өздеріңді дамытып бизнес жасап, өмірдің рахатын көруге тырыссаңшы",-деді.

Аға не ғой, мәселе мынада ғой деп сөзін бөлгенім сол еді, ол менің сөзімді қайтадан бөлді.

"Сендерді білемін ғой. Несіне менімен сөз таластырасың? Сенікі мың сылтау ғой. Жә жарайды бауырым, оразаның құрметіне каспиіңе 20 мың атып жіберейін",-деді.

Сасқанымнан, аға сіз дұрыс айтасыз, сіз дұрыс айтасыз дей беріппін. Сәлден соң связ үзілді. Ай сайын төлейтін 3140 теңгелік тарифім таусылған екен. Айтайын дегенім бұл емес еді.

Жалпы ораза деген үлкен мереке ғой. Оған ыждағатпен дайындалған дұрыс. Сіз оразаға қалай дайындалып жатырсыз? Құлынның жұмсақ еті асқазанға өте пайдалы деді әлгі ағам. Сондықтан, қолдан келгенше ауыз ашарға құлын етін жеңіздер”, - деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, көп әйел алу заңмен тыйым салынған.

Қазақстанда неке және отбасы қатынастары Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі арқылы реттеледі. Аталған кодекске сәйкес, Қазақстанда неке ерікті түрде және бір ер мен бір әйел арасында ғана қиылады. Яғни, бір уақытта бірнеше адаммен заңды некеде тұруға болмайды.

Сонымен қатар, көп әйел алу әрекеті қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұл норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бабында (көп әйел алу) көрсетілген. Заң бойынша:

Егер адам тіркелген некеде бола тұра, басқа әйелмен бірге тұрып, отбасылық қатынас орнатса, бұл әрекет үшін айыппұл немесе өзге де жаза қарастырылуы мүмкін.