Ымдау тәсілімен кабинетінде пара алып жатқан шенді полицей жасырын камераға түсіп қалды


Алғашында саусақтарымен көрсеткен сома болмағасын  келімсектен  «барыңды бер» деп қолқалап тұр. Кіріптар болған шетел азаматы үшін  ымдау тәсілі үйреншікті құбылыс сияқты.  Ал  көші-қон полициясының басшысы   Айғаным Ізмұханованың  ол  әдісті шебер меңгергені байқалады. Себебі ақшаны алған бойда   жадырап сала берді. Қиын көрінген істі де ертеңнен қалдырмай шешетін болды. Келімсектің беріп кеткен аз-мұз теңгесін олжа көріп қалтасына сүңгіткені кадрлерде анық байқалып тұр. Қазір параны беруші де, алушы да тергеу абақтысына жабылды.